Павлодарлық оқушылар төрт жасар қыздың емі үшін пластик қақпақтарын жинады

Павлодар қаласының № 24 мектебінде «Игі іс марапатсыз қалмайды» қайырымдылық акциясы өткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Шараға 50 оқушы, педагогтар, «Добряков клубы» ҚБ, «Павлодар жүрегі» ҚҚ өкілдері қатысты. Акция барысында волонтерлік жасақтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, алғыс хаттар табыс етілді. Мектепте 4-10-сынып оқушыларының жалпы саны 420 оқушыдан тұратын 28 еріктілер клубы бар. Әр клубта 15 оқушыдан кіреді.

Биылғы жылы клубтар ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан экологиялық, патриоттық, спорттық, тілдік, сәндік, эстетикалық бағыттар бойынша жұмыс істеді.

Әлеуметтік педагог, волонтер Фания Меньщикова «Қақпақтар өмірді құтқарады» еріктілер жасағының жетекшісі болып табылады.

«Оқу жылы бойы мектеп оқушылары 72720 теңге сомасына 600 кг астам қақпақ, 6000 теңге сомасына 200 кг макулатура жинады. Іс-шараға қақпақтарды жинау бойынша акцияның ең белсенді қатысушысы Амангелді отбасы шақырылды. Алуа мен Әмірхан Амангелдиновтар 53 кг қақпақ тапсырды. Өз үлесін қосу және «Игі істер академиясы» мектеп жанындағы лагерь оқушыларының өмірін құтқару мақсатында бірінші маусым ішінде 19 кг қақпақ, 23 кг макулатура жиналды», -дейді қалалық білім беру бөлімінде.

Оның барлығы «Добряков клубы» мен «Сердца Павлодара» өкілдеріне тапсырылды. Барлық қаражат шұғыл операция қажет ететін 4 жасар Марат Айшаның емделуіне көмек ретінде берілді. Сондай-ақ макулатурадан жиналған қаражат жараланған үйсіз жануарларды оңалту орталығына жіберілді.