Елордада қызмет барысында қаза тапқан полиция қызметкерлеріне ескерткіш орнатылды

Қызметте жүріп қаза тапқан полиция қызметкерлеріне ескерткіш орнатылды.

Оның ашылу салтанатына қатысқан тәртіп сақшылары әріптестестерін 1 минут үнсіздікпен еске алды. Айта кетейік, елордада биыл қызметтік міндетін орындау кезінде 8 адам көз жұмған. Солардың бірі Самат Шоқанов. Ол небәрі 27 жасында ажал құшты. Марқұмның туыстарына екінші дәрежелі «Айбын» ордені табысталған. Бүгінгі шараға оның анасы қатысты.

Салтанат Шоқанова, Самат Шоқановтың анасы:

- Жұмыс барысында жарақат алды да осы жерде больницада қайтыс болды. Міне содан бері 7 жыл болды. Бүгін еске алу күнін жасап жатыр. Мына әкімшілікке, полиция департаменті бастығына барлығына рақмет.