Алматыда «Қазақстан генералдары» кітабы жарыққа шықты

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған әскери-тарихи конференция өтті.

Іс-шара барысында «Қазақстан генералдары» атты кітаптың төртінші басылымының тұсаукесер рәсімі өтті. Рүстем Қайдаров көп жыл «Генералдар кеңесі» бірлестігін басқарып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласты. Құқық қорғау саласындағы заңнамаларды жетілдіруге, оңтайлы реформаларды жүргізуге атсалысқан. Айта кетейік, аталған кітапқа 400-ден астам әскери қолбасшы мен әділет генералдары туралы деректер енгізілген.

Махмұт Телеқұсов, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы:

- Үлкен жұмыс істеп, бірталай генералдарды өсіріп, өзі керемет сыйлы, білімді генерал болған. Төртінші кітапты генерал Қайдаровқа арнап шығардық. Үш кітапты өзі бірге шығарған.