423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда карантиндік талаптар өзгертілді

  • 247
  • UPD: 17:48, 22.06.2021
Нұр-Сұлтанда карантиндік талаптар өзгертілді

Елордада үнді штамына тән Сovid-19 мутациясының анықталуына байланысты ведомствоаралық комиссия Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне карантин бойынша жаңа шектеулер қабылдауды ұсынды.

Енді сауда орталықтары сенбі және жексенбі күндері жабылып, ал жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін істеуі ықтимал. Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда,  мейрамханалар мен дәмханалар кешкі сағат 20:00-ге дейін, ал таза ауада 22:00-ге дейін жұмыс істеп, демалыс күндері жабық болуы мүмкін. Азық-түлік емес базарлардың жұмысы да таңғы оннан кешкі сегізге дейін шектелуі ықтимал. Барлық бұқаралық іс-шараларды өткізуге бұған дейін де тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы