Жұрт мал жайылатын жердің суын ішіп отыр – Парламент Мәжілісінің депутаты

Өңірлерде ауыз су мәселесі әлі күнге дейін шешілген жоқ. Осылай деген Қазақстан халық партиясы «Қызыл автобус» жобасын қорытындылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның аясында депутаттар Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарын аралап, жергілікті тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысқан.

«Әсіресе ауыз суға қатысты мәселе көп. Оны шешу үшін мемлекеттік бағдарламалар жасалып, ондаған миллиард теңге бөлінді. Бірақ жергілікті атқарушы билік оны жүзеге асыра алмай отыр», - дейді депутаттар. Енді осы мәселелерді тізбектеп, әкімдерді жауапқа тарту үшін Президентке хат жолдамақ.

Айбек Паяев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Арнайы алып келдік. Су берілген жерде сапа жоқ. Осындай суды ішуге бола ма? Осы суды ішетін жерде мал жайылып жүр. Халықты малға теңегені ме? Мен түсінбеймін. Ешқандай сынды көтермейді.