СҚО-да жергілікті полицейлерге 86 қызметтік көлік берілді

Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті полиция қызметінің автопаркі жаңарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мереке қарсаңында оларға 86 қызметтік автокөліктің кілті табысталды. Аудандағы учаскелік полиция инспекторлары енді жаңа темір тұлпарлармен жүретін болды. Материалдық – техникалық базаны нығайту үшін облыстық бюджеттен 500 млн. теңгеден аса қаражат бөлінген. Сонымен қатар салтанатты шара барысында қызметте көзге түскен тәртіп сақшылары марапатталды.

Марат Төлебаев, СҚО ПД бастығы:

– Ел Президентінің «Жұртқа жақын полиция» принципіне сәйкес бүгін жергілікті полиция автопаркі жаңа автокөліктермен толықты. Отандық 86 «Шевроле Кобальт» автокөліктері облыстық бюджеттен лизингке алынды. Жаңа қызметтік автокөліктер аудандық полиция бөлімдеріне, әсіресе алыс жатқан ауылдардағы учаскелік инспекторларына беріледі.