Бөлініп жатқан ақшаның есебі жоқ – Қызылорда облысының тұрғыны

Өркениеттен жұрдай Қызылорда облысындағы ауылдың ахуалы

Ақмаржан ықшам ауданына жедел жәрдем де, өрт сөндіру қызметі де жете алмайды. Қызылордадағы бұл елді мекен тұрғындары су, жол, интернет, тіпті электр жарығына қол жеткізе алмай отыр. Өйткені ортадағы бетон көпір опырылайын деп тұр. Қоғамдық автобус та қатынамайды. 20 жыл бұрын қоныстанған тұрғындар талай табалдырықты тоздырған. Бірақ сең қозғалмайды.

Бұрын бұл аумақтар күріш алқабы болған. Кейін жер телімдері инфрақұрылымсыз халыққа беріліп, жаппай үй салынып кеткен. Қазір енді жөні түзу жол, сапалы ауыз су сұраған тұрғындар қала әкімдігінің табалдырығын тоздырып жүр.

Қаланың шетіндегі шағын аудан тұрғындары ауызсуды тасып ішеді. Су құбыры толық жүргізілмеген. Бағаналарды қолдан тұрғызып, электр желісін өздері тартып алған. Жол атымен жоқ. Жыңғыл-шеңгелдің арасымен әркім сүрлеу салыпты. Ақмаржанға өтетін өткел апатты жағдайда тұр. Көлік түгіл жаяу жүргінші әупірімдеп жүреді. Барлық мәселені тізіп тұрғындар қала әкіміне бірнеше рет барған. 3 жыл бұрын төсейміз деген тас жолдың әлі салынатын түрі жоқ дейді,-арыз иелері.

Мұхамедия Абылаев, қала тұрғыны:

– 2020 жылы тағы болмады. Жол комитетінің өкілі келіп, әлі смета дайын болған жоқ. Сметаны Астанаға бекітеміз, олар қабылдағаннан кейін 2021 жылы ақша бөлінсе саламыз деп уәдесін беріп ол кетті.

Базаркүл Ізбасова, қала тұрғыны:

– Әдемілеп бұл қатарға көпір салу керек үлкен, жеңіл машина жүретін. Халықтың жағдайын жасау керек. Бөлініп жатқан ақшаның есебі жоқ. Бірақ жолдағы жолбикелер жеп қойып жатыр деп ойлаймыз. Сондықтан жаны ашитын адам болып, мына көшеге мән беру керек.

5 баланың әкесі Ерлан Елемесов кішкентайларын балабақшаға бере алмай отыр. Өйткені бұл жермен автобус түгілі такси жүрмейді. Ал үлкендерін 2 шақырым жердегі мектепке жаяу апарып келеді екен.

Ерлан Елемесов, қала тұрғыны:

– Есіктің алдына дейін шибөрі келеді. Екі итім солармен қырылады да жүреді. Есіктің алдында арақ ішетіндер жүреді, неше түрлі адамдар жүреді. Уайымдайсың, бала-шаға болғасын. Қыз бала бар, тіпті қорқасың.

Ашулы ақмаржандықтардың арыз-шағымын арқалап, салалық мекеме мен әкімдікке біз де бардық. Жергілікті билік өкілдері биылға тек 3-4 көшеге тас төселеді, су мен электр желілерін жүргізу алдағы жылдардың еншісінде дейді.

Мұхитжан Кәрімбаев, «ҚЭТТ» АҚ басқарма төрағасы:

– Қаланың құрылыс бөлімі жоба-сметалық құжаттарын дайындап, қазір экспертизада жатыр. Ол қаражат келесі жылға бөлінетін шығар. Ол жерде әрі кетсе 3 шақырымдай электр желісі болу керек ондай үлкен аудан емес. Тұрғындар үйлерін соққаннан кейін тоқ бермей отыра алмаймыз. Бірақ үлкен техникалық шығын көріп отырмыз.

Ержан Қалдыбеков, қалалық Құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Толық құрылыс жұмыстарына қаражат бөлініп, мердігер мекемесі анықталып, осы жыл малта тас жол құрылысы аяқталатын болады. Жас алаш көшесіне қазір жоба-іздестіру жұмыстары аяқталып, жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат қаралып әзірленуде. Ал ауызсу мәселесі бойынша жоба-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ол аяқталғаннан кейін тиісті мекемеге бюджеттік өтінім ұсынылады. Қаражат қаралған жағдайда жоба-сметалық құжаттар әзірленетін болады.

Тұрғындар өздігінен тартып алған 41 шақырымдық электр желілерін талапқа сай етіп ауыстыру үшін, биыл 250 миллион теңге бөлінген. Бірақ ол жұмыстар Арай, Қызылжарма және Титов шағын аудандарында жүргізіледі. Ал ақмаржандықтар үшін инфрақұрылымның игілігін көретін күн әлі алыс сияқты.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Әлхайдар Тұрлыханов, Айтмұхамбет Бәйділдаев