Алматыда қоқыс өңдейтін 6 зауыт салынады

Бүгін еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов Еңбекшіқазақ және Қарасай ауданындағы қоқыс полигондарын аралап, мән-жайды байқап қайтты.

Министрлік өкілі қоқыс өңдейтін зауыт салынбай, мәселе шешілмейтінін айтып отыр. Айта кетейік, Алматы облысында 400-ге жуық заңсыз қоқыс орны бар. Әрқайсысының көлемі әртүрлі. 

Тау-тау болып үйілген тұрмыстық қалдықтар табиғатқа ғана емес адам өміріне де зиянын тигізетіні түсінікті. Өкінішке орай, бір ғана Алматы облысында 400-ге жуық заңсыз қоқыс орны бар екен. Бұл өзге аймақтарғада тән нәрсе. Мамандар заманауи зауыт салынбайынша жағдай түзелмейді деп отыр. Сол үшін 2025 жылға дейін қоқыс өңдейтін 6 зауыт ашу жоспарланған. Яғни Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе мен Шымкент қалсында, сондай-ақ Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысынан тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттар бой көтереді екен.

Ахметжан Пірімқұлов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

– Тұрмыстық қалдықтарды және қауіпті қалдықтарды өңдеу компанияларды міндетті түрде лицензиялау болады. Қоқыстарды шығаруға компаниялар рұқсат алу керек. Осындай кәсіппен айналысамыз деген. Содан кейін мына бүгінгі күнде жаңа полигондарды соғу бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыстар жасалып жатыр.

Алты зауыттың құны 181 млрд теңгеге жуық. Құрылыс инвесторлардың қаржысына салынады. 20 мамырда Экология министрлігі қалдықтарды энергияға айналдыру жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық жариялаған. Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешендер еуропалық стандартқа сай болуы тиіс. Оны мемлекеттік комиссия бақылауда ұстайды- дейді мамандар.

Тимур Елеусізов, эко белсенді:

Қазір біз қандай технологияларды енгізу керектігін дұрыс түсінуіміз керек. Өйткені қалдықтарды өртейтін зауыттар немесе қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар туралы көптеген пікірталас болып жатыр. Негізі бізге бұлардың барлығы қажет. Ең бастысы технология дұрыс таңдалуы тиіс. Алдымен бұл зауыттардың қоршаған ортаға зияны тимеуі керек және өңдеуден кейінгі қалдықтарды қайда апаратынымызды да ойластыру керек.

Министрлік жүргізген мониторинг бойынша еліміздің 23 қаласында 8884 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны анықталып, олардың 80 проценті жойылған. 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекс қолданысқа енеді. Жаңа құжатқа бірнеше тың нормалар енгізіліпті. Соның ішінде заңсыз қоқыс төгуге қатысты жауапкершілікте күшейтілген.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев