Ақтөбе облысында жылқының саны екі есе көбейді

Ақтөбеде ауылшаруашылық саласы қарқынды дамып келеді.

Биылғы бес айдың өзінде өңір кәсіпкерлері жалпы құны 85 миллиард теңгеге ауылшаруашылығы өнімін шығарды. Мал саны да айтарлықтай көбейген. Нақтырақ айтсақ ірі қара басы 633 мыңға жетіп, жылқы екі есе көбейген.

Ағымдағы жылы ақтөбелік шаруаларды қолдауға 22 жарым миллиард теңге бөлінді. Оның 16 миллиарды жергілікті бюджеттен жұмсалған. Осы арқылы өңірде жем-шөп бағасы тұрақталып, жаңа техника алғандарға субсидия берілді. Қазір мұнда мал басы көбейген.

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі:

– Мал азығын дайындауға, жаңа техника алуға республика көлемінде 25 процент болса, біз оның үстіне 10 процент қосып осындай жеңілдетілген түрде алуға біраз қаражат бөлдік. Осындай ынталандырудың арқасында малдың санын 30 жылдың ішінде жылқының саны да өсіп кетті екі есе, ірі қара малдың саны да өсуде. Мына ынталандыру көлеңкедегі малды шығаруға да әсері болды тікелей. Себебі есепте жоқ жылқылар мен қойдың саны бір жылдың ішінде өсіп қалғанын байқалдық.

Облыста шағын және орта бизнес дамып келеді. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны былтырғымен салыстырғанда 5 процентке көбейді. Шамамен 1200 жоба мемлекеттен қолдау алған. Осы мақсатқа 7 миллиард теңге жұмсалады. Қазір шағын және орта бизнестің  өңір экономикасындағы үлесі 24 процентке тең. Жыл соңына дейін 25-ке жеткізу жоспары бар.

ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

– Қарапайым заттар экономикасы аясында 12,7 миллиард теңге несие сомасына 14 жоба мақұлданды. Еңбек бағдарламасы аясында 1,2 миллиард теңгңгң 227 жоба мақұлданды. Жыл соңына дейін шағын және орта бизнестің 3 мың 300 субъектісі мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарлануда. Сонымен бірге төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерін қосымша қолдау үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында құны 35 миллиард теңгені құрайтын 150 жоба мақұлданды.

Биыл ақтөбеліктер үшін өзекті болып отырған көлдердің де мәселесі шешілуге тиіс. Қала маңындағы су айдындарының табанын тазалап, тоғандарды жөндеуге үкімет бюджетінен 3 миллиард теңге бөлінді. Мердігер компания іске кіріскен. Егер межелі уақытта жұмыс аяқталса келер жылы көктемде қар суын суын молырақ жинап, су тапшылығы мәселесі шешілмек.

Авторы. Талғатбек Әбдіқожа