423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан мен Әзербайжан сауда-экономикалық байланыстарды нығайта түспек

  • 203
  • UPD: 21:45, 22.06.2021
Қазақстан мен Әзербайжан сауда-экономикалық байланыстарды нығайта түспек

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Әзербайжан елінің көшбасшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың лебіздері мен тілектерін жеткізіп, халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары негізінде елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтіруімен құттықтады.

Өз кезегінде Ильхам Алиев қос мемлекетті бұрыннан келе жатқан сенімді қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Сонымен қатар тараптар жиында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту жайын сөз етті.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

– Әзербайжандық халықаралық құқық және БҰҰ тиісті қарарларының негізінде өзіне тиесілі аумақтарды мемлекеттің құрамына қайтаруымен құттықтағым келеді. Қаза тапқан әскери қызметшілер мен азаматтық тұлғалардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын.

Хабар 24 телеарнасы