423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қ.Тоқаев субұрқақтан зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған студентті құрмет грамотасымен марапаттады

  • 219
  • UPD: 20:18, 22.06.2021
Қ.Тоқаев субұрқақтан зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған студентті құрмет грамотасымен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктағы парақшасында жазды.

Еске салайық, Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.

Хабар 24 телеарнасы