Жезқазған қаласының тұрғынынан қарасораның 110 бұтасы тәркіленді

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының ПБ Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне, қаланың белгілі бір тұрғыны құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысады деген ақпарат түскен, деп хабарлайды «Хабар 24» Қарағанды облысы ПД сілтеме жасап.

2021 жылдың 17 маусымында полиция «Карасора-2021» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол өзінің жеке учаскесінде қарасораның 110 бұтасын заңсыз өсірумен айналысқан болып шықты. Сонымен қатар, ұсталушыдан «апиын» есірткі заты бар түрлі көлемдегі пластикалық бөтелкелер алынды. Күдіктінің айтуынша, ол өсімдіктерді өзінің қажеттілігі үшін өсірген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, бұл факт алғашқы емес. Маусым айының басында облыстың полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі азаматты құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін ұстаған болатын.