ҰОС кезінде Ресейде қаза тапқан қазақ жауынгерінің кім екені анықталды

Ұлы Отан соғысы кезінде майданда қаза тапқан жауынгердің сүйегі туған жеріне жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық солдат Емберген Асайынов Ленинград облысы Киров ауданында жерленген екен. Ресейлік іздеушілер бұл туралы жергілікті «Майдан жолы» жасағының өкілдеріне хабарлаған. Жауынгердің сүйегі Қызылорда облысына қайта жерленеді. Іздестірушілер Емберген Асайынов туралы толық ақпарат жинай алмаған. Себебі, мұрағатта мәлімет аз болыпты. Алдын ала болжам бойынша жауынгер Ленинградты азат ету кезінде көз жұмған.

Александр Шитов, «Майдан жолы» жасағының командирі:

- Жауангердің туыстарын іздеп таптық. Олар Қызылорда облысының Арал ауданында тұрады. Туған немересінің көзі тірі. Емберген Асайынов 1900 жылы туып, 1943 жылдың жазында қаза тапқан. 327-ші атқыштар дивизиясында қызмет еткен. Дивизия Синяв биіктігін азам еткені тарихтан белгілі.