Елордада эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кейінгі апталарда вирус жұқтыру өсімі 43%-ке жеткен. Емдеу орындары науқастарға тола келді. Сондай-ақ халықтың коронавирусқа қарсы егілу қарқыны 50%-ке төмендеген. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Кеңесте медициналық мекемелердің эпидемияға қарсы режимді бұзғандығы, науқастарға медициналық көмектің уақытылы көрсетілмейтіндігі, сондай-ақ мониторингтік топтар жұмысының әлсіреуі мен халықты вакциналау бойынша жүйелі жұмыстың жоқтығы сөз болды. Ералы Тоғжанов қала әкіміне осы кемшіліктерді бір апта ішінде жою үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.