424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада вакцина қабылдағандар көлік ұтып ала алады

  • 220
  • UPD: 12:09, 23.06.2021
Елордада вакцина қабылдағандар көлік ұтып ала алады

«Вакцина қабылда да көлік ұтып ал».

Маусымның 23-і мен тамыздың 31-і аралығында елордадағы «MEGA Silk Way» сауда орталығында екпенің бірінші компонентін салдырған азаматтар темір тұлпарға ие бола алады. Жеңімпаз қыркүйектің 5-і күні анықталмақ.

Бұдан бөлек, бас қаладағы өзге де ірі сауда орындарында екпе қабылдағандар арасында тұрмыстық техника мен басқа да бағалы заттар ойнатылып жатыр. Мақсат – азаматтарды вакцина алуға ынталандыру. Атап өтейік, мұндай акциялар Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия және Израильде өткен еді.

Хабар 24 телеарнасы