Елімізде жеке сот сараптау ұйымдары құрылады

Бүгін жетінші шақырылған Мәжілістің алғашқы сессиясы аяқталар сәттегі жиында тиісті заңға түзетулер енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Жаңашылдық саладағы қызметті жетілдіруге, соның ішінде материалдық-техникалық базаны жақсартуға мүмкіндік береді. Депутаттардың айтуынша, сот сараптамасын жүргізуге заманауи құралдар қолданған жөн. Ал олар өз кезегінде қымбат тұрады. «Сондықтан сарапшыларды бір ұйымға біріктіріп, сала жұмысын бірлесіп дамыту қажет», - дейді Мәжіліс депутаттары. Сондай-ақ енді сарапшыларды аттестаттау әдісі жүргізілмейді.