Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы орнатылуы мүмкін

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасы орнатылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Мәжіліс АҚШ-тың кез келген қаласына шектеусіз әуе рейстерін ұшыру жөніндегі заң жобасын қарауды бастады. Екі ел Үкіметі бұл салада халықаралық келісім орнатпаған. Заң шығарушы орган бұған дейін де құжатты ратификациялау туралы бастама көтерген болатын. Бірақ әртүрлі себептермен аяқсыз қалды. Мәселен, былтыр пандемияға байланысты енгізілген шектеулер әсер етті. Енді осы жолы депутаттар «Ашық аспан» ұстанымдарын қайта қарастыратын болады. Бұл келісім сыртқы көліктік қолжетімдімділікті арттыруға, халықаралық әуе бағдарлар географиясын кеңейтуге ықпал етеді. Осы ретте депутат Альберт Рау палата комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін атап өтті.