424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұрсынбай Құлахметтің алдағы жекпе-жегіне қарсылас табылмай жатыр

  • 139
  • UPD: 14:22, 23.06.2021
Тұрсынбай Құлахметтің алдағы жекпе-жегіне қарсылас табылмай жатыр

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 КО) қарсылас табудағы қиындықтар туралы айтты, деп жазды Prosports.kz.

Айта кетейік, Құлахмет келесі жекпе-жегін 10 шілдеде Алматыда өткізеді. Бастапқыда ол украиналық Станислав Скороходпен жұдырықтасады деп жоспарланған. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

«Өздеріңіз білетіндей, украиналық боксшы жекпе-жектен бас тартты. Бұған дейін біз басқа мықты боксшыларға ұсыныс жасаған болатынбыз, бірақ олар да жекпе-жек өткізуден бас тартып жатыр. Бұл жекпе-жегіме қарсылас табу қиын болып тұр. Жаңалық күтіңіздер, жақын арада украиналық боксшыны алмастыратын қарсылас туралы хабарлаймыз», - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы