Президент полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін!», - деп жазды twitter парақшасында.