Шымкентте суррогат алкоголь өндірген төрт цех анықталды

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-тергеу шараларының нәтижесінде суррогат алкоголь өнімін өндіретін 4 астыртын цех қызметінің жолын кесті.

«Тексеру барысында 19 мың бөтелке түрлі маркалы алкоголь өнімі, 75 литр спирт, 13,4 тонна спирті бар сұйықтық, 5 мыңнан астам және 1 орама есепке алу-бақылау маркалары табылып, тәркіленді», – делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сондай-ақ контрафактілік өнімдерді құюға арналған түрлі жабдықтар тәркіленді.

Шымкент қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес, 4 астыртын цехтың ұйымдастырушылары мемлекетке 9 млн теңгеге жуық шығын келтірген.

Үш факті бойынша ҚР ҚК-тің 233-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, бір факті бойынша күдікті кінәсін толығымен мойындап, залалдың орнын толтырды.

Сондай-ақ...