Вакцина салдырмағандардың жұмыс істеуіне шектеу енгізілетін салалар белгілі болды

Қызмет көрсету және өнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпорындарда вакцина салдырмағандардың жұмыс істеуіне шектеу енгізіледі.

Егер вакцинадан бас тартқандар болса, олар жұмыс орнына тек ПТР тест арқылы ғана жіберіледі. Сондай-ақ сауда ойын-сауық орталығында жұмыс істейтін азаматтар мүмкіндігінше толық екпе салдырғаны дұрыс. Сондай-ақ барлық сауда орындарында «Ашық» қосымшасын пайдалану міндеттеледі. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Айтуынша, «Ашық» жобасы өз тиімділігін көрсеткен. Сәуірден бері осы қосымша арқылы 9 мың 600 адамның карантин талаптарын бұзғаны анықталды. Олардың жартысы коронавирусты жұқтырғанын біле тұра қоғамдық орындарға шыққан. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мұндай азаматтарға қолданылатын шараны қатаңдатты. Яғни 87 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ...