Шығыс Қазақстандағы ауылды шаң басты

Шығыс Қазақстанның табиғаты әсем, ауасы таза деп әспеттейтініміз анық. Өкінішке орай Риддер қаласы маңындағы Лесхоз ауылының тұрғындары көшеден көтерілген шаңнан әбден мезі болдық деп отыр. Өйткені елді мекеннің тура іргесінде үш кареьрде қиыршық тас өндіріледі. Сол кен орнына күні бойы жүк көліктері сабылып, жүздеп рейс жасайды. Салдарынан ауылдықтар шаң-тозаңға бөгіп отыр. Үлкендерді қоя беріңіз, балалардың өкпесінен не қалады деп уайымдайды ауылдағы ағайын. Тұрғындарының бұлай дейтін жөні бар. Жақында ғана осы ауылдан өрт шыққаны белгілі. Дегенмен тілсіз жау бұл маңға дейін жетпеді. Алайда ауыл маңындағы кареьерлердің қауіптілігі өрттен кем емес дейді олар.

Галина Лапина жарымжан баласының жайын ойлап, әдейі орманға жақын жерден үй салып, осында 40 жыл бойы тұрып келеді. Бірақ енді аппақ шаңның ортасында отыр. Оның үстіне ауыл маңында адам өміріне қауіпті қазаншұңқырлар да қаптап кеткен.

Галина Лапина, Лесхоз ауылының тұрғыны:

Бұндай бассыздыққа кім рұқсат берді.Табиғатқа да ,бұл ауылда тұратын адамдарға да жаным ашиды. Балаларға тіпті обал, шаң топырақтың астында өсіп келеді. Осы қазаншұңқырдағы суға 5 адам батып кетті.

Ауылдықтар жуған кіріміз, сырлаған үйімізді сап-сары шаң басып жатыр деп шағымданады. Ең бастысы балаларды көшеге шығарудан қорқамыз дейді олар. Өйткені әрбір 3-5 минут сайын жүк көліктері ағылады. Тіпті қиыршық тас тасымалдаушылар түнгі бірге дейін тоқтамайды екен.Ақыры мұндағы жұрт полиция шақырып, қазір тас тиеген көліктер кешкі сағат 6-7-ге дейін жүретін болған.

Гүлмира Манапова, Лесхоз ауылының тұрғыны:

– Күні-түні жүреді,олардың пиқылдатып,тарсылдатып бір бірімен сөйлесіп түн ортасына дейін жүреді, жолды олар әбден бұзып,шаңын баспайды, балаларға ойнайтын жер жоқ.

Жүк көліктері жөңкитін жол мен үйлердің ара қашықтығы бар болғаны 3 метр. Күніне 8-11 көлік бұл жерден 160, тіпті 230 рет ары-бері өтеді. Сондықтан орман ортасындағы ауылдың сәні де мәні де кеткен. Ал бұл жұмысты ұйымдастырып отырған компания басшылығын мұндай сұмдықтар сескендірер емес.

Дамир Дюсупов, компанияның уату-сұрыптау базасының бастығы:

– Иә шаң болатыны рас өйткені асфальт емес қой.дегенмен күн сайын су сеуіп шаңын басып тұрамыз. Арасында тегістеп жөндеу жұмыстарын да жүргіземіз. Бірақ оны ешкім байқамайды.

Қала басшылығы да жіпсіз байлаулы.Мекеменің жұмысына кедергі келтіре алмайды.Барлығы да заң жүзінде рәсімделген.

Дмитрий Горьковой, Риддер қаласының әкімі:

– Лесхоз ауылы маңындағы жағдаймен таныспыз. Онда «Восток-энерго-индустрия» мекемесі жұмыс істеп жатыр. Ол үшін 2024-ші жылға дейін келісімшарт жасасқан. Олар ол жерден құмды қиыршық тас өндіруде.

Жүк көлігінің жүргізушілері біз тек жұмысымызды істеп жүрміз деп жайбарақат жауап қайтарды.

Евгений Гилёв, жүк көлігінің жүргізушісі:

– Жолды шаң басып қалады.Бірақ енді басқаша жұмыс істеу мүмкін емес.Біздің қандай кінәмыз бар.Барлық рұқсат қағаздарымыз қолымызда.

Осылайша кен өндірушілер ауылдықтарды шаң қаптырды. Тұрғындар бұл мәселені қалай шешуге боларын білмей дал.

Авторлары: Эльмира Ахметова.Жігер Бабаханов