24 маусым: күн суытып, бұршақ жауады

24 маусым: күн суытып, бұршақ жауады

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, деп хабарлайды «Хабар 24».

24 маусымда  Павлодар облысында, 24-25 маусымда Шығыс Қазақстан облысында, 25 маусымда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады.

Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Күндіз солтүстікте 17-28 жылыға дейін, орталықта 20-35 жылыға дейін, солтүстік-батыста 25-40 жылыға дейін ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі.