Ресейде коронавирустан көз жұмғандардың саны артты

Мәскеуде өткен тәулікте коронавирус індетінен 88 адам көз жұмды.

Ал Санкт-Петербург қаласында 93 адам қаза тапқан. Бұндай көрсеткіш пандемия басталғалы тіркелмеген. Осылайша індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 130 мыңға жетті.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Ресей әлемде ең көп науқас саны бойынша алғашқы 10 елдің тізімінде. Вакцинация науқанына қарамастан аймақтағы эпид ахуал көңіл көншітпей тұр. Жергілікті билік жаңа шектеу шараларын жариялап отыр. Оған сәйкес жұмыс берушілер екпе алмаған 30 процент қызметкерін қашықтан жұмыс істеуге көшіру керек. Кафе мен мейрамханаларға түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынды.

Сергей Собянин, Мәскеу мэрі:

– Өлім-жітім көбейіп тұр. Көңіл жабырқау. Екі күн қатарынан тәуліктік көрсеткіш рекордтық деңгейге жетті. Коронавирус анықталған азаматтардың 77 проценті жұмысқа қабілетті тұрғындар. Еңбек процесіне де әсер етті дей беріңіз.