Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні: елордалық полиция ұтыс ойынын өткізеді

Елордалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының YOUTUBE-арнасында 26 маусым күні халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Менің таңдауым – менің болашағым» онлайн-концерт бағдарламасында елордалық командалардың музыкалық қойылымдары, қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздарының құттықтаулары, викториналар, сондай-ақ портативті зарядтағыштар мен сымсыз құлаққаптары бар жүлделердің ұтыс ойыны бар.

Онлайн-шара сағат 17:00-де басталады.

Сонымен қатар TikTok-та арнайы челлендж іске қосылып, оған қатысушылар смартфон ұтып ала алады.

«Өз TikTok каналыңа «мен есірткінің орнына (өз нұсқамды) таңдаймын» деген тақырыппен қысқа видео түсіріп, #меніңтаңдауымменіңболашағым хэштегін қою арқылы телефон ұтысының ойынына қатысыңыз. Ең көп лайк жинаған видео Нұр-Сұлтан қаласы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының YouTube арнасында өтетін концерттің тікелей эфирінде онлайн дауыс беруге қатысады», - делінген хабарламада.

Бұл жағдайда ұтыс ойыны кезінде қатысушылардың аккаунттары ашық болуы керек. Жабық, сондай-ақ негізінен конкурстар мен лотереялардың репосттары бар бос аккаунттар конкурсқа қатыса алмайды.