Алматыдағы субұрқақта тоқ соғып, зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы субұрқақта электр тоғынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.

28 жастағы әйел әлі ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратынан алынды. Қазір өзі дем алып жатыр», - деді ҚДСБ өкілі.

Оқиға салдарынан зардап шеккен 8 және 10 жастағы қыздар аурухананың бейінді бөлімінде жатыр.

«Екеуінің де жағдайы тұрақты, шағым жоқ, емделіп жатыр», - деп қосты ҚДСБ өкілі.

Еске салайық, 20 маусымда әлеуметтік желілерде әйел мен екі қызды субұрқақта электр тоғы ұрғаны туралы ақпарат пайда болған еді.