425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан полицейлері шекарадан заңсыз есірткі тасымалдамақ болған Атырау тұрғынын ұстады

  • 131
  • UPD: 12:30, 24.06.2021
Түркістан полицейлері шекарадан заңсыз есірткі тасымалдамақ болған Атырау тұрғынын ұстады polisia.kz

Түркістан полицейлері шекарадан заңсыз есірткі тасымалдамақ болған Атырау тұрғынын ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарыағаш АПБ-ның кезекші бөліміне 102 арқылы «Жібек жолы» шекара бекетінде заңсыз есірткі тасымалдау жайты анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде шетелдіктердің біріне қарай Марика қызметтік иті үріп, белгі бергенін анықтады. Жедел уәкілдер күдікті ретінде ұсталған Атырау азаматын тінту кезінде күртешесінен есірткі затына ұқсас түйіншекті тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған  есірткі тектес өсімдік затының салмағы 2 грамнан асатын «гашиш» болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналымнан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Егер сізде есірткінің заңсыз айналымына байланысты қандай да бір дерек болса, тез арада полицияға 102 телефоны бойынша хабарласыңыз.

Хабар 24 телеарнасы