Рейдерлік үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді

Елде рейдерлік қылмыс жасаған шенеуніктің кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын бұл мерзім 3-7 жылмен шектелетін. Бұдан бөлек, бизнес пен азаматтарды жөнсіз тексеру, тінту қысқартылады. Сенаторлар рейдерлік үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтті. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген. Басты міндет – азаматтар мен кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау. Осы құжат арқылы про-курорлардың мемлекеттік орган өкілдерін тексеру құзыреті кеңейтіледі. Кәсіпкерлерге жасалған себепсіз шектеу шараларының күшін жоюға құқық беріледі. Құжатта қымбат металдардың заңсыз айналымына шараларды күшейту туралы ережелер де жазылған.