424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенаторлар бірнеше салықты аудандық бюджеттерге беруді мақұлдады

  • 103
  • UPD: 16:45, 24.06.2021
Сенаторлар бірнеше салықты аудандық бюджеттерге беруді мақұлдады Gov.kz

Бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем енді аудандық бюджеттерге түсетін болады.

Сенаторлар бүгін ауыл, аудан және қала билігінің дербестігін кеңейтетін заң қабылдады.

Өзгерістер мәслихаттардың қызметіне де қатысты болмақ. Сессия төрағасының лауазымы жойылады. Ал мәслихат шешімдерін енді әділет органдарында тіркеудің қажеті болмайды. Заңда жазылған тағы бір жаңалық – елді мекендер мәртебесінің өзгеруіне қатысты. Егер қала 5 жыл, ал ауыл 3 жыл бойына сол талапқа сай келмесе, оны олай атамайтын боламыз.

«Қабылданған заң жергілікті маңызы бар міндеттерді тиімді түрде шешу үшін ауылдық, аудандық және қалалық деңгейдегі билікке жаңа мүмкіндіктер береді. Оның ішінде биыл жаңадан сайланған мәслихат депутаттарының құқықтарын кеңейтеді және мәслихаттардың жұмысын жетілдіреді. Алдағы уақытта осы өзгерістер өңірлердің дамуына тың серпін береді деп сенеміз», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Хабар 24 телеарнасы