424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тарихи оқиғаларды зерттейтін ғалымдардың зерттеу жүргізуіне қолайлы жағдай жасалады

  • 86
  • UPD: 19:30, 24.06.2021
Тарихи оқиғаларды зерттейтін ғалымдардың зерттеу жүргізуіне қолайлы жағдай жасалады

Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді тарихи оқиғаларға әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан сараптама жүргізу өңірлік комиссиялар жұмысының маңызды бір бөлігі болмақ. Мемлекеттік хатшы тарихи оқиғаларды зерттеу және қалпына келтіру жұмыстары барысында шетелдік тәжірибелерді пайдалануға шақырды. Ғалымдардың зерттеу жұмыстарын жүргізуі үшін қолайлы жағдай жасалады. Отырыста қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың деректерін жинау, жерлеу орындарының картасын жасау, ведомстволық және мемлекеттік архивтердің қызметін қалыптастыру мәселелері жөнінде баяндады. Жиын соңында түрлі деңгейде комиссиялардың тәжірибе алмасуын жетілдіруге, архив құжаттарын сараптауға алаң құру бойынша ұсыныстар айтылды.

Хабар 24 телеарнасы