425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда іргесіндегі аудандарда карантин күшейеді

  • 144
  • UPD: 19:47, 24.06.2021
Елорда іргесіндегі аудандарда карантин күшейеді

Ақмола облысының елордаға жақын орналасқан аудандарында карантин талаптары күшейтіледі.

Бұл туралы аймақтың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина хабарлады. Аршалы, Ақкөл, Шортанды және Целиноград аудандарында жұмысшылардың 80%-і қашықтан жұмыс істеуге көшірілуі мүмкін. Қоғамдық тамақтану орындары кешкі 20:00-ге дейін, сауда үйлері кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері «Ашық» жобасына қосылмаған спорттық сауықтыру кешендері, жаттығу залдары, бассейн, фитнес және SPA-орталықтары мен жабық базарлар өз жұмысын тоқтатады. Шектеулер 27 маусымнан бастап күшіне енеді.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Бұл жағдайды тұрақтандыру және елорда маңындағы аудандарда коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін жасалып отыр. Себебі, біз эпидемиологиялық зерттеу жүргізген кезде вирустың осы аудандар арқылы бүкіл облысқа таралатынын байқадық. Қауіпті індетке шалдығу дерегі де аталған аудандарда көп кездеседі. Мәселен, маусым айында Аршалыда 83, ал Целиноград ауданында 90 науқас тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы