Елордада вакцина салдырғандар саны көбейіп келеді

Бір күнде егілгендер қатары 3 мыңнан асып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін бірінші компонентті 190 мыңдай адам салдырса, екіншісін 138 мыңнан аса азамат алған. Жалпы меже бойынша елордалықтардың 60%-ін вакциналау керек. Белсенділіктің артуын мамандар түрлі ынталандыру шараларымен байланыстырып отыр.