Павлодарлықтар сода зауытының құрылысына қатысты петиция жариялады

«Қоршаған ортаға зияны көп өндіріс су тапшылығын тудыруы мүмкін», - дейді экологтар.

Ал, салатын компания өндіріс инновациялық технологияларға негізделеді деген уәж айтады. Кәсіпорын қалдықтарды дер кезінде жойып отырады екен. Жобаға өзгеріс енгізіліп, тұтынатын су мөлшерін де азайтыпты. Мамандардың сөзінше, бұл озық технологиялы, баламасыз кәсіпорын болмақ. Дегенмен, кальцийленген сода зауытының құрылысы үш жыл бойы қызу талқыланып жатыр. Бірнеше мәрте қоғамдық тыңдау өтті. Жергілікті экологтар кәсіпорынның қоршаған ортаға зияны жоқ дегенге сенбейді.

Светлана Могилюк, «ЭКОМ» ҚБ төрайымы:

- Қазақстан көптеген өнім түрлеріне тәуелді. Біз құрылғылар шығармаймыз. Бәрін сырттан сатып аламыз. Біз неге машина жасау саласын дамытпаймыз. Біз неге ең лас зауытты салуымыз керек. Бүкіл әлем бойынша сода зауыттары бар. Олардың қоршаған ортаға зиянды әсері көп. Неге біз осындай зиянды зауыттар арқылы стратегиялық мәселелерді шешуіміз керек.

Амантай Сәбитов, «Павлодар сода» ЖШС техникалық директоры:

- Жоғары қысымды бу құбырының орнын органикалық жылу тасымалдағыштар алмастырады. Одан кейін өзеннен алынатын су белгілі бір талаптарға дейін тазартылып, өңделіп өзенге қайта құйылады. Бұл зауытқа қажетті техникалық судың көлемін азайтады. Мұны әлем бойынша теңдесі жоқ басты ерекшелікке жатқызуға болады.

Сондай-ақ...