Зайсан ауданында ірі қара арасында қандай індет тарағаны әлі анықталмады

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында ірі қара арасында қандай індет тарағаны әлі анықталмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аурудың ошағы – Шілікті ауылдық округі. Қазір жеке шаруашылықтың малы жайлауға шыға бастады. Қожалық иелері «өз бетімізше ем-дом жасап жатырмыз», деп наразы. Мамыр айының басында жаңа туған төл қырылса, жақында ірі қараның індетке шалдыққаны туралы біздің арнада бірнеше рет айтылды. Мамырда 102 қозының анаэробты энтеротоксин салдарынан өлгенін Ауыл шаруашылығы министрлігі растады. Алайда, қазір ірі қараның қырылуын құзырлы орган жоққа шығарып, жайылымдарда улы немесе басқа да зиянды заттың анықталмағанын айтады. Аудандағы ахуал қатаң бақылауда екенін жеткізді.

Айболат лекеров, шаруа қожалығының өкілі:

- Қарқынды жұмыс істеп жатқан ештеңе жоқ. Сараптама алып кетті. Күні бүгінге дейін сараптаманы тосып отырмыз. Мамырдың 17-інде алып кеткен, сол беті хабар-ошар жоқ. Ол кісілер көрмеген соң айта береді. Жалпы бұл ауруды не үшін жасырып жатқанын білмедік. Олар не істерін өздері де білмей отыр. Облыстық республикалық сарптаманы күтеді басқа жоқ.

Қадес Шелекенов, Аумақтық ветеринралық бақылау және қадағалау басқармасы басшысының м.а.:

- Өткен аптадан бастап ірі қараның ауруы белгіленіп жатыр. Оған біздің ветеринарлар жұмыс істеуде. Ауылдың маңайында олар естігенмен, өлген малды біздің мамандар көрген жоқ. Жайлауға көшіп жатыр. Қазір енді жайлауға дейін барып анықтайтын боламыз.

Сондай-ақ...