425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тобыл өңіріндегі темір жол вокзалдарында Ashyq жүйесі енгізіліп жатыр

  • 184
  • UPD: 22:32, 24.06.2021

Шілде айынан бастап Тобыл өңіріндегі темір жол вокзалдарында Ashyq мобильді қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы болып жүйені Қостанай вокзалы енгізді. Қазір мұнда кірген әр адам QR арқылы тексеріледі.

Мағауия Қалиев, тілші:

- Вокзалдағы бұл жаңашылдыққа біреулері таң қалып, біреулері кейіс білдіріп жатты. Олардың барлығына күзет қызметінің инспекторлары байыппен түсіндіріп, көрсетеді. Әзірге алғашқы екі күнде вирус тасымалдаушылар, яғни QR код арқылы қызыл, сары түс көрсеткендер болмапты.

Нұржан Жәкенов, тексеру пунктінің күзетшісі:

- Қызыл, сары статус анықталған жағдайда, ол кезде санитарлық дәрігерлерге хабарлап, сосын әрі қарай өздерінің шараларын жасай береді.

Тәулік бойы жұмыс істейтін Қостанай темір жол вокзалына күніне екі мың адам кіріп-шығады екен. Оның бәрін бақылау күзет қызметіне қиынға соғатындығы түсінікті. Сондықтан вокзал әкімшілігі еңбекпен қамту ораталығы арқылы қосымша адамдар алуды көздеп отыр.

Төлеген Саматов, Қостанай вокзалы шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Қостанай қаласы әкімшілігі көмегімен еңбек қамту орталығынан бізге 3 адам бөлінеді.Олар осы таңғы 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін осында вокзалда жұмыс атқарады. Бүкіл жолаушыларды QR-кодпен тексереді. Қалған уақытта осы инспекторлар біздің жұмыс атқарады.

Қосымша тексеріс ыңғайсыздық тудырып жатса да, індеттің алдын алуға бағытталған бұл шараға жолаушылар түсіністікпен қарайды.

Әсия Сәдуақасова, жолаушы:

- Негізінде мен дұрыс деп ойлаймын. Неге десеңіз, карантинде отырған кісілер жолға шығып кетеді, осындайға кіріп кетеді. Адамдарға бір-біріне жұққызады. Сол үшін бұл дұрыс негізінде. Барлық жерге құрса болады, ондай нәрселерді.

Шілденің 1-інен Ashyq мобильді қосымшасы өңірдегі жеті темір жол станциясы мен вокзалдарда іске қосылады. Бірақ бұл жүйе бойынша әлі толық шешілмеген мәселелер бар. Мысалы, талап бойынша пайдаланылмаған билет ақысын қайтарып алу үшін вокзалға барып өтініш жазу керек. Ал егер QR-код қызыл не сары түсті көрсетіп, вокзалға кіре алмаған жағдайда оны қалай алмақ? Әлде алты ай күтуге тура келе ме?

Мағауия Қалиев, тілші:

- Вокзалға кіреберісте орнатылған Ashyq жүйесі, сырқат адамның пойызға өтіп кетпесіне толық кепілдік бере алмайды. Себебі, электронды билетпен ішке кірмей-ақ, сыртынан вокзалды айналып өтіп, вагонға мінуге толық мүмкіндік бар. Ал ол жерде жолаушының денсаулығын тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы