Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік хатшы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданған шаралардың қазіргі ахуалы талқыланды. Комиссия төрағасы мемлекеттік сатып алулардың тиімді жұмыс істеуі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, ұлттық тауар өндірушілердің өнімдерін қолдауға ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар аталған салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары екені, мұндай жағдай бюджет қаражатын ұрлау және өзге де теріс мақсаттағы іс-әрекеттер кезінде болатыны айтылды. Жалпы жиында мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында кездесетіні, ал ұрланған бюджет қаражаты көлеңкелі айналымға түсетіні айтылды.