Күршім ауданының тұрғындары шыбын-шіркейден көз ашпай отыр

Шығыстағы Күршім ауданының тұрғындары шыбын-шіркейден көз ашпай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Қалжыр, Боран және Теректі елді мекендерінде жағдай тіпті қиындап кетті. Маса мен шіркейдің көптігінен халық үйден шыға алмай қалды. Биыл аймаққа көптен болмаған қуаңшылық келді. Ерте көктемнен бері жаңбыр жоқ. Су тоғандарының көбі тартылып, батпаққа айнала бастаған. Биолог мамандардың айтуынша, ондай жер маса-шіркейге өте қолайлы. Қансорғыштарға қарсы себетін дәрілік заттар да әзірге тиімсіз болып тұр. Аудандық бюджеттен 20 миллион теңге бөлініп, улау жұмыстары жүргізіле бастады. Алғашқысы маусым айының басында жасалған. Енді дезинфекцияның екінші кезеңі басталады.

Блиц:

- Мынау біздің Боранның маса-шіркейі. Қыстай жазды күтеміз. Балалар далаға шығып ойнай алмайды. Шықпайды. Неге уламайды. Қайда қарап отыр.

Мақсат Әкірамов, Күршім аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Боран, Қалжыр елді мекендеріндегі батпақты жердегі дезинфекциялау бойынша бірінші кезеңі жүргізілді. Оған сәйкес екі аумақты қосқан кезде 8 мыңнан аса гектар жер қамтылды. Енді бүгін шығу керек болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтады. Мамандардың айтуынша, бұндай кезде тиімсіз. Енді жақын күндері жаңбыр басылған соң осы жұмыстар қайта жүргізілетін болады.

Сондай-ақ...