424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елорда әкімдігін тексеріп жатыр

  • 134
  • UPD: 11:32, 25.06.2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елорда әкімдігін тексеріп жатыр

Іс-шара барысында әкімдіктің, оның аудандық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының қызметіне талдау жасалады.

Осы арқылы жемқорлыққа жол берілуі мүмкін тұстар анықталады. Тексеріс кезінде әкімдіктің құқықтық базасы мен ұйымдастыру-басқару қызметі егжей-тегжейлі зерделенеді.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің айтуынша, бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жемқорлыққа жол беру ықтималдығы жоғары. Мәселен, биылғы 5 айда ғана бірнеше әкімдіктің қызметкерлері 92 заңсыз әрекет жасаған. 76 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында түрлі деңгейдегі 7 әкім мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ облыстық басқармалардың 14 басшысы бар.

Хабар 24 телеарнасы