Бұл менің ғана емес, «Хабар 24» арнасындағы барлық әріптесімнің марапаты – В.Захарчук

БАҚ саласының  майталмандары Президент гранты мен сыйлығына ие болды.

Бірқатар сала үздіктері арнайы марапатталды. Олардың қатарында әріптесіміз, «Хабар 24» арнасының тележүргізушісі Вера Захарчук те бар. Мемлекет басшысының алғысын Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев табыстады.

Вера Захарчук, «Хабар 24» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі:

- Бұл менің ғана емес, «Хабар 24» арнасындағы барлық әріптесімнің марапаты. Себебі біз кез келген жаңалықты қалт жібермейміз. Сондықтан әріптестерімді мерекесімен құттықтай отырып, зор алғысымды білдіргім келеді.