424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

200 теңгелік қағаз ақшаны қабылдаудан бас тартқан саудагерлер жауапқа тартылады

  • 552
  • UPD: 17:09, 25.06.2021

Ескі үлгідегі 200 теңгелік қағаз ақшаны қабылдаудан бас тартқан саудагерлер әкімшілік жауапқа тартылады.

Ұлттық банк өкілі Динара Дәуітованың айтуынша, кейінгі кездері тұрғындар тарапынан шағым көп түсе бастаған.

2006 жылғы қағаз ақша кейін шыққан монеталармен қатар жүреді. Оны төлемдер, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі кезінде қолдануға болады, деді маман. Егер номиналы 200 теңгелік қағаз ақшаны қабылдамаған жағдайда Ұлттық банктің аумақтық филиалына хабарласу керек.

Хабар 24 телеарнасы