Талдықорғанда ковидтен өкпесі 100% зақымданған әйел босанып, ауруынан айығып шықты

Алматы облысында коронавирустан өкпесі 100 процент зақымданған жүкті әйел босанып, ауруынан айығып шықты.

Баян Нұрсұлтанова есімді науқас Үшаралдағы ауруханаға жүктіліктің 38-аптасында келіп түскен. Дәрігерлер операция жасап оны босандырып алғаннан кейін облыстық ауруханаға санавиациямен жеткізді. Аса ауыр халде жатқандықтан бірден жасанды өкпе аппаратына қосқан. Бірнеше рет консилиум өткізіп, өңірдегі және бас қаладағы білікті мамандармен ақылдаса отырып оған тиісті ем-дом көрсетілді. Нәтижесінде 34 жастағы келіншек 42 күнде жағдайы жақсарып, емдеу мекемесінен шығарылды. Енді ол нәрестесімен қауышып, Алакөл аудандық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында болады.

Баян Нұрсұлтанова, емделуші:

- Осы кісілердің арқасында аяққа тұрып міне өмірімді арашалап қалды. Үлкен алғыс. Барлық дәрігерлерге рақметімді айтам.

Мейрамгүл Сәкенова, облыстық аурухана директорының орынбасары:

- Осы екі айда 84 жүкті әйелді емдеп шықтық. Біздің жұмыс таңертең жүкті әйелдерден бастап кешке соларды аралаудан аяқтадық.