Ақтауда «Хабар 24» арнасының тілшілері шығармашылық байқауда жеңімпаз атанды

Ақтауда «Хабар 24» арнасының тілшілері шығармашылық байқауда жеңімпаз атанды

Ақтаулық әріптестеріміз Талғат Исламұлы мен Тамара Степанова аймақтық «Шаңырақ» шығармашылық байқауында жеңімпаз атанды.

Дәстүрлі сайыс этножурналистика бағытын қамтиды. Биылғы басты тақырып ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Ұлттар достастығын дәріптейтін байқауға 20 БАҚ өкілі қатысып, 9 аталым бойынша 70-ке жуық бейнематериал ұсынды. Арнамыздың телеоператорлары Саламат Бекбаев пен Ренат Досалиевке ынталандыру сыйлығы берілді.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Ақтаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл байқауды соңғы жылдары тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұған дейін де әріптестеріміз жеңімпаз атанған болатын. Бұл жолы номинациялар бұрынғыға қарағанда көп болды. Еңбегімізді бағалап жатқан қазылар алқасына рақмет айтамыз.