Көлігінің терезесін күңгірттеп алған шымкенттік жауапқа тартылды

Көлігінің терезесін күңгірттеп алған шымкенттік жауапқа тартылды

Автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған шымкенттік жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

25 маусымда Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің инспекторлары әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында Toyota Corolla маркалы автокөлікті тоқтатты. Терезесі күңгірттелген көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.