Дубай EXPO 2021: Қазақстанның павильоны қандай болады

Қазақстан Дубай-2020 көрмесіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің елдің павильонына 3,5 мың шаршы метрге жуық аумақ бөлінген. Қазір нысан құрылысы аяқталды. Жоспарға сай көрмені әлемнің түкпір-түкпірінен 25 млн адам көреді. Оның 20 проценті бизнес қауымдастық. Яғни Қазақстанның әлеуетін жаһанға тағы бір таныстыруға мүмкіндік бар. Елімізде өткен ЭКСПО-ға биыл 4 жыл. Осы уақыт аралығында 4 трансшекаралық хаб пайда болады.

Азамат Темірбеков, «Qazexpocongress» ҰК» АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры:

– Елордамызда өткен ЭКСПО 2017 көрмесіне қатысқан елдермен және компаниялармен тікелей байланыс жүргізіліп жатыр. Осы жолы өтетін Дубай көрмесінде алуан түрлі бизнес саласында, әлеуметтік-мәдени салада қарым-қатынас одан әрі жалғасады.