Биыл «Алматы жастары» бағдарламасымен 900 пәтер беріледі

Жыл соңына дейін шаһарда 2 млн 604 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен 249 000 шаршы метр немесе 3266 пәтер үлестірілуі тиіс. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 800-ден астам алматылықты баспанамен қамтуға жол ашқан «Шаңырақ» пилоттық жобасы жүзеге асып жатыр. «Алматы жастары» бағдарламасы да жалғасын табады.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

– Былтыр бұл бағытта 1000 адам пәтер алды. Әр түрлі саладағы жастар баспанамен қамтылды. Биыл да бағдарламаны жалғастырамыз. Жыл басынан бері 116 отбасы көптен күткен қуанышына қол жеткізді.