Ресейде жүкті әйелдерге «Спутник V» вакцинасын салуға рұқсат етілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпені коронавируспен қатты ауруы мүмкін аяғы ауыр жандар қабылдауына болады. Шешім клиникалық сынақтар нәтижесі негізінде шығарылды. Зерттеу барысында жүкті әйелдерде вакцинаның аса кері жанама әсерлері байқалмаған. Енді Гамалея орталығы «Спутник V» вакцинасын 12 мен 17 жас аралығындағы балаларға егіп тексеруді қолға алмақшы. Ресейде «Спутник V» вакцинасын 21 миллионнан аса адам салдырған.