Енді екпе салдырып, көлік ұтып алуға болады

Ақтөбеде екпе салдырғандардың арасында автокөлік ұтысқа тігіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ынталандыру шарасы бүгіннен басталады. Өңірде 1 ақпаннан бері 116 мыңға жуық адам вакцина салдырған. Олардың 71 мыңға жуығы екінші компонентін де алып үлгеріпті. Дегенмен мамандар қоғамдық иммунитеттің қалыптасуы үшін бұл әлі де аз дейді. Қауіпсіз межеге жету үшін 400 мыңнан астам адам қамтылуы тиіс. Соңғы тәулікте 29 ақтөбеліктің қатерлі дерт жұқтырғаны белгілі болды. Облыстық денсааулық сақтау басқармасының басшысы қажетті препараттар жеткілікті дейді. Автокөліктен өзге, смартфондар мен робот-шаңсорғыш сияқты бағалы сыйлықтар да бар. Ұтыс ойынына вакцинаның алғашқы бөлігін бүгіннен бастап салдырған азаматтар қатыса алады. Ынталандыру шарасын ұйымдастыруға демеушілер 20 млн теңге қаржы бөліпті. Қаладағы емханалардан бөлек қоғамдық орындарда қосымша пункттер де ашылады.

Рүстем Исаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Сауда орталықтарында жылжымалы өзіміздің пункт вакцинацияларды қоямыз. Өздеріңіз көргендей, автобустарды. Ішінде біздің медработниктер жұмыс жасайды. Өзінің уақытын тағы да белгілейміз. Таңертеңгі сағат 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді.