424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 200 мың адамға арналған шағын аудан бой көтереді

  • 212
  • UPD: 20:04, 25.06.2021
Ақтөбеде 200 мың адамға арналған шағын аудан бой көтереді

Сенат депутаттары Ақтөбе облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты.

Халық қалаулылары өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жайын назарға алған. Биыл аймақта бір миллион шаршы метрден астам пәтер қолданысқа берілуі тиіс. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына арналған 8 көпқабатты үй мен мың жарым пәтерлік жатақхана салынып жатыр. Жалдамалы баспаналар негізінен «Нұр Ақтөбе» ауданында бой көтереді. Сенаторларға «Батыс-3» шағын ауданының жоспары да таныстырылды. Қарқынды құрылыс жүріп жатқан тұрғын үй алабында 2030-шы жылы 200 мыңға жуық адам қоныстанады. Болашақ агломерацияның кәсіпорындары да депутаттар назарынан тыс қалмады.

«Ақтөбе индустриялық аймағы өңір экономикасының локомотивіне айналуы тиіс. Сондықтан инвесторлардың белсенділігін арттыру үшін әкімшілік және құқықтық тұрғыдан қолдау көрсету қажет»,– деді сенаторлар.

Сағындық Лұқпанов, ҚР Парламент сенатының депутаты:

– Былтыр біз ерекше аумақтар туралы заң қабылдадық. Ол несімен қызық? Түрік компаниясының тәжірибесіне сүйенсек, индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы тиісті комитет құрады. Оның құрамына қызмет көрсететін барлық мемлекеттік орган өкілдері кіреді. Бұл индустриялық аймақты автономдық режимде еңбек етуіне мүмкіндік береді. Яғни, инвесторлар қажетті анықтамалар мен құжаттар үшін түрлі табалдырық тоздырмайды.

Хабар 24 телеарнасы