424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызмет бабында қаза болған журналистің есімі ұлықталды

  • 110
  • UPD: 22:10, 25.06.2021

Қызылорда қаласында небәрі 24 жасында су тасқынының алдын алу шаралары кезінде, қызмет бабында тікұшақ апатынан қаза тапқан талантты журналист Сахитжан Бермағанбетовке көше аты берілді.

Студент шағынан өткір тілімен, батылдығымен ұшқыр ойлы журналист екенін көрсете білген ол жергілікті телеарналарда редактор қызметін атқарып, ақпаратты сараптау бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды. Облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанды. Сыр бойы жұртының сүйікті ұлына айналды. Өмірінің соңғы жылдары облыс әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының жетекшісі қызметін атқарған.

Асыл Оразова, С. Бермағанбетовтың ұстазы:

– Бала кезден өзінің аңсаған арманы – журналистиканың қиын жолында өзінің соқпақты әдемі жолын салып үлгерген азамат. Біз Сахитжанмен мақтанамыз. Қазаққа белгілі, республикаға белгілі, өзімізге асыл ұлымыз, белгілі журналист – Сахитжан Бермағанбетовтың есімін мәңгі ұлықтап, есімізде мәңгі қалдыру үшін «Сәулет-30» көше Сахитжан Бермағанбетовтың атына берілді.

Ақтолқын Нұрлыбай, С.Бермағанбетовтың досы:

– Биыл Сахитжанның арамыздан кеткеніне 13 жыл болады. Қазақта «атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деп айтады ғой. Сахитжан Асанхан көкемнің баласы ғана емес, халықтың баласы деп білеміз.

Хабар 24 телеарнасы