424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Дархан Дайырбекті еске алуға арналған турнир өтті

  • 168
Алматыда Дархан Дайырбекті еске алуға арналған турнир өтті

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Дархан Дайырбекті еске алуға арналған волейболдан жарыс өтті.

«Терісқақпай» театрының талантты актері өткен жылы індеттің кесірінен 51 жасында жарық дүниемен қош айтысқан болатын. Жарыстың өтуіне марқұмның жора-жолдастары ұйытқы болып, қаладағы өнер ошақтары мен басқа да мекемелерден 8 команда бақ сынады. Ұйымдастырушылар турнирді дәстүрге айналдырып, республикалық деңгейге көтеруді жоспарлап отыр. Дархан Дайырбектің туған-туыстары мен достары күзде бокстан жасөспірімдер арасында жарыс өтетінін хабарлады.

Ұлан Нүсіпәлі, актер, Дархан Дайырбектің досы:

– Баршаңызға белгілі досымыз, бауырымыз Дархан Дайырбек атындағы дәстүрлі волейбол турнирі бірінші рет өткізіліп жатыр. Мұның алдында біз «Дарханның дара жолы» атты деректі фильм түсіргенбіз. Және өзінің орындаған әндері мен термелері жинақталған дискілер шыққан. Кітап шықты. Енді, міне, бүгін дәстүрлі волейбол турнирін бастап кеттік.

Хабар 24 телеарнасы